EVENT

«Қайран менің жүрегім»

2018 жылы қазан айының 19–ші  жұлдызында сағат 19.00-де филармонияның Үлкен залында жаңа концерттік маусымның ашылу аясында «Қайран, менің жүрегім...» КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтеді. Концертке Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестірі қатысады.

Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Тілендиева. 

Дирижер - ҚР еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков.

Кеш қонақтары:

  • ҚР халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова;
  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева;
  • ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева;
  • Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - Нұржан Жанпейісов, Фархат Кубиев, Есенгелді Ырза.

Концертке Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы қатысады.

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

Анықтама нөмірлері: 

Билет кассалары: 291-80-48. 

Концерт бөлімі: 291-81-57.